Пәкістанның жекеменшік мектептеріне 16 жасар блогер қыз Малала Юсуфзайдың кітабын алуға тыйым салынды.
Пәкістанның жекеменшік мектептер федерациясының басшысы Кашиф Мирза Малала Юсуфзайдың "Мен - Малаламын" деген кітабын "исламға және Пәкістанға қарсы сипатта жазылған" деп сипаттаған.
Жекеменшік мектеп басшылары "Батыс елдері Малаланы өз мүдделеріне пайдаланалады" деп санайды. Олар Малаланың кітабында "Мұхаммед пайғамбарға тиісті құрмет көрсетілмейді және ол британдық ақын Салман Рушдидің шығармаларымен үндес" дейді. Салман Рушдидің "Шайтан шумақтары" деп аталатын романы "исламға күпірлік келтіреді" деп танылған еді.
Малала Юсуфзай өзі тұратын Пәкістанның солтүстік-батысындағы Сват аймағында «Талибан» қозғалысының шариғат заңдарын орнату әрекеттерін сынап, әрі пәкістандық қыздардың білім алуы қажеттігі туралы 11 жасынан интернетте блог жаза бастаған еді.
2012 жылы қазанда Пәкістанда «Талибан» адамдары мектептен қайтып бара жатқан Малала мен оның екі сыныптасына шабуыл жасады. Мойны мен басына оқ тиіп, ауыр жараланған Малала Ұлыбританияда емделген, қазір ата-анасымен бірге сол елде тұрып жатыр.
Малала Юсуфзай биыл тамызда балаларға арналған халықаралық бейбітшілік сыйлығына ие болған. Қазанда ресейлік журналист Анна Политковская атындағы сыйлық және Еуропа парламенті тағайындаған Сахаров сыйлығымен марапатталған.