Accessibility links

Юсуфзайға Сахаров сыйлығын тапсырды


Малала Юсуфзай (сол жақта) Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульцтен Сахаров сыйлығын алып тұр. Страсбург, 20 қараша 2013 жыл.
Малала Юсуфзай (сол жақта) Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульцтен Сахаров сыйлығын алып тұр. Страсбург, 20 қараша 2013 жыл.
Пәкістандық 16 жастағы блогер қыз Малала Юсуфзайға Страсбургте өткен Еуропа парламентінің отырысында 2013 жылғы Андрей Сахаров сыйлығы табыс етілді.

Малала сыйлықты алу өзі үшін "үлкен құрмет" екенін және ол Пәкістанда ұлдар мен қыздардың тең дәрежеде білім алуы құқығы жолындағы күресіне дем беретінін айтты. Юсуфзайдың Сахаров сыйлығына ие болғаны өткен айда белгілі болған.

2012 жылдың қазан айында Пәкістанның Сват алқабында мектептен үйіне қайтып келе жатқан Юсуфзайға Талибан сарбаздары қастандық жасаған еді. Мойны мен басына оқ тиіп, ауыр жараланған жасөспірім қыз Ұлыбританияда емделді.

Қастандыққа ұшырағанға дейін Малала Юсуфзай BBC-де блог жүргізіп, Пәкістандағы қыздардың Талибан тарапынан қысым көріп жатқанын жазған.

Еуропа парламенті тағайындаған Сахаров сыйлығы иегеріне 50 мың АҚШ доллары табыс етіледі. Жыл сайын тапсырылатын бұл сыйлық адам құқықтары және ой-пікір еркіндігі саласында жетістікке жеткендерге беріледі.
XS
SM
MD
LG