Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримованың бұрынғы серігі Янис Галанос абақтыда өзін азаптағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Ұлты грек, 31 жастағы Галанос өткен айда Өзбекстанда Каримованың бизнестегі серіктеріне қарсы тексерулер аясында "қаржы жымқырды" деген айыппен тұтқындалған еді. Ал өткен аптада Каримова Twitter-дегі парақшасында "өзбек тергеушілері Галаносты азаптады" деп хабарлаған.
Бірақ Ташкентте орналасқан "Эзгулик" құқық қорғау ұйымы абақтыдағы Галановпен кездесіп, оның өзін азаптағанын жоққа шығарғаны жайлы видео таратты.
Ұйым өкілі Василя Иноятованың Азаттықтың Өзбек қызметіне айтуынша, кездесуді Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі ұйымдастырған.
Каримова бұған дейін көптеген серіктері тұтқындалып, иелігіндегі медиа-холдингінде құқық қорғау орындары тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған.