Таяу жылдары Қазақстанда төрт жарым мың адамға арналған үш түрме салынбақшы. Бұл туралы бүгін Астанада бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов мәлімдеді деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Оның айтуынша, 1996 жылғы индекс бойынша әлемде сотталған тұтқындар саны жағынан АҚШ пен Ресейден соң үшінші орында болған Қазақстан уақыт өте келе 35 орынға төмендеген.
"Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары түрмелердің лық толуы, тұтқындарды барак сияқты орындарда ұстау, гигиенаның нашарлығы, тұтқындар өлімінің көбеюі сияқты проблемаларды шешуге мәжбүр болды. 1980 жылдардың ортасында 100 мың қазақстандыққа 676 тұтқыннан келетін. Бұл қазіргі көрсеткішпен салыстырғанда екі жарым есеге көп" деді Асанов.