Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған өзіне жақын шенеуніктердің жемқорлығына қатысы бар делінген аудио жазбалар сілтемесі жарияланған соң Twitter әлеуметтік желісін жабатын ойы барын айтты.
«Twitter-ді жабамыз. Оған байланысты әлем жұртының не айтатынын елемеймін» деді бейсенбі күні Бурса өлкесінде сайлауалды шарасында сөйлеген Ердоған.
Түркия үкіметін 2003 жылдан бері басқарып келе жатқан Ердоған бұдан бұрын 30 наурызда жергілікті сайлау өткен соң үкіметі Facebook пен YouTube желілерін жабатынын да айтқан еді.