Accessibility links

Обама алты IT-компания лидерін қабылдады


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама интернет-технология саласында жетекші болып отырған алты компанияның басшыларымен кездесті.

Олардың ішінде Facebook пен Google жетекшілері де болды. Кездесуде азаматтардың жеке өмірінің құпиясын қорғау туралы айтылды. Обама арнайы қызметтердің оларды пайдаланатынын ескертті.

Обама IT-компаниялардың басшыларына "президент әкімшілігінің арнайы қызметтердің ақпарат жинау жолдарын реформалап" жатқанын айтты.

Ақ үй таратқан ақпарат бойынша, Обама арнайы қызметтердің азаматтардың жеке өміріне қол сұғатынынан және оған деген қоғамдық наразылықтан хабардар.

Facebook басшысы Марк Цукерберг Обамамен кездесу алдында осы әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы қызметтердің желілерді аңдуға пайдаланатын құпия тәсілдерін, компьютерге вирус жіберетіндерін айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG