АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 30 наурызда Парижде Украина мәселесін талқылап, төрт сағатқа жалғасқан келіссөздер жүргізді.
Джон Керридің мәлімдеуінше, екі жақ Украинадағы дағдарысты дипломатиялық жолмен реттеу - ең тиімді жол екеніне және қандай да бір шешім украиндықтардың қатысуымен қабылданатынына келіскен.
Керридің айтуына қарағанда, ол Лавровқа Ресейдің Қырымдағы әрекетін Вашингтонның "заңсыз" деп санайтынын және Украинамен шекарасында көп әскер шоғырландырып жатқанына алаңдайтынын айтқан.
Келіссөздер басталмас бұрын Сергей Лавров ресейлік телеарнаға сұхбат беріп, "Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін Украинаны басып алу үшін шекараға әскер шоғырландырып жатыр" деген болжамдарды жоққа шығарған.