Қазақстан журналистер одағы мен "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры бас прокуратураның қылмыстық кодекс жобасына "жалған ақпаратты әдейі тарату" жайлы бабын қосу туралы ұсынысы "сөз бостандығын шектейді" деп, қарсылық білдірді.
Бас прокуратура бұған дейін қылмыстық кодекстің жаңа жобасына "жалған ақпаратты әдейі тарату" туралы жаңа бап енгізуді және ол бап бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын бекітуді ұсынған.
Журналистер одағы мен "Әділ сөз" ұйымы осыған орай мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов пен бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына үндеу жолдады.
"Кодекстің жаңа жобасын жасаған бас прокуратура жала жабу туралы бап пен ол үшін қатаң жазалай беруді сақтап қалуды қолдап отыр. Бас прокуратура БАҚ-тағы баға беру, көзқарасын білдіру, болжам жасау, сенімін білдіру және тағы басқаларын ауыр қылмыс деп жариялауды ұсынады. Бұл ұсыныс өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп санайтын Қазақстанның конституциялық ұстанымдарына қайшы келеді" делінген үндеуде.
Журналистер одағы мен құқық қорғаушылардың айтуынша, демократиялық мемлекетте жалған ақпарат пен сыбыс таралуынан туындаған қауіп тек шынайы ақпарат тарату және азаматтармен ашық диалог орнату арқылы ғана жойылуы тиіс.
"Кодекс жобасын жасаушылардың қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты, адам құқықтарын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы қорғауға ұмтылуы елімізді тоталитарлық өткен шаққа, қорқыныш пен террор дәуіріне сүйрелейді. Адамның абыройы мен қадыр-қасиетін қорғау үшін азаматтық жауапкершілікке тартса да жетіп жатыр" делінген үндеуде.