Ирандағы көп алдында қылмыскерді дарға тарту жазаларының бірі орындалмай қалды. Өйткені соңғы сәтте қылмыскердің қолынан ұлы өлген әйел оған кешірім жасады. Жәбірленушінің туыстары мойнына тұзақ ілінген қылмыскер тұрған орындықты құлатуы керек еді. Оның орнына ұлы өлген әйел келіп жәбірленушінің бетінен шапалақпен тартып жіберді де, "кешірдім" деп мәлімдеді. Бұл оқиғаны Иранның жартылай ресми ISNA агенттігі фотоға түсірген.