«Газпром» Қытай ұлттық мұнай корпорациясымен (CNPC - China National Petroleum Corporation) келісім жасап, Қытайды 30 жыл бойы газбен қамтамасыз етіп тұрмақ. Ресей 2018 жылдан бастап Қытайға жылына 38 миллиард текше метр табиғи газ жеткізеді. Бұл келісім-шарттың басқа шарттары құпия күйінше қалды.
Бұған дейін Ресей мен Қытай компаниялары бірқатар жобалар жайында келіскен еді. Олардың көбі - сауда саласындағы келісімдер. Ресейдің мемлекет бақылауындағы Біріккен авиақұрылыс корпорациясы (ОАК - Объединённая авиастроительная корпорация) мен Қытайдың коммерциялық ұшақтар корпорациясы (Comac) алысқа ұшатын ірі жолаушылар ұшақтарын жасау жөніндегі меморандумға қол қойған. Жоспар бойынша ол ұшақ Airbus пен Boeing-тің бәсекелесі болуы тиіс. Бұған қоса, екі ел 2016 жылға дейін Амур өзеніне теміржол көпірін салуға келіскен.
КЕЛІСІМНІҢ ҚҰНЫ ҚАНША?
Табиғи газдың Қытайға сатылатын бағасы ресми түрде хабарланған жоқ. «Газпром» төрағасы Алексей Миллер оны «коммерциялық құпия» деп атады.
Алайда ол келісім-шарттың жалпы құны 400 миллиард доллар екенін жасырмады. Путиннің сөзіне қарағанда, Ресей осы келісімді іске асыру үшін әуелі 55 миллиард доллар инвестиция құяды, Қытай бұл жобаға кемінде 20 миллиард доллар қаражат салуды жоспарлаған.
Ресей президенті Владимир Путин «баға екі жаққа да тиімді» деді. Оның айтуынша, «Батыс елдерімен жасасқан халықаралық келісім-шарттардағыдай бұл жолғы баға да газ және газ отынының құнына байланысты анықталған».
Ресей үкіметінің бақылауындағы «Известия» газеті «Газпром» өкілінің «газдың текше метрі 350-380 доллардан сатылады» деген сөзін жариялады. Өзге де ресейлік ақпарат құралдары осы бағаны келтіреді. Reuters агенттігінің мәліметіне қарағанда, соңғы екі жыл бойы Еуропаның көптеген коммуналдық мекемелері де газды осындай жеңілдетілген бағамен алып келген.
Брукингс институтының Ресей экономикасын зерттеуші маманы Клиффорд Гэдди Азаттыққа берген сұхбатында «бағада тұрған ештеңе жоқ» екенін айтты. Оның сөзінше, «келісім-шарттың бұдан маңыздырақ аспектілері көп».
«Бұл жерде газ бағасының несиенің пайыздық мөлшерлемесі не жалпы мөлшері, болмаса алдын ала төлем мөлшері сияқты аса маңызы жоқ. Мұндай орасан зор келісім-шартқа келгенде, барлық аспектілерімен қоса алып қарастыруымыз керек» дейді Клиффорд Гэдди. Сарапшының айтуынша, «Келісім-шартты әр тарап өзіне ұтымды етіп көрсетуге тырысып жатыр. Әрине, ресейліктер ұтылғандай болып көрінгісі келмейді».
ҚҰБЫР ҚАШАН ТАРТЫЛАДЫ?
Келісім-шарт бойынша Ресей газы Қытайға 2018 жылдан бастап беріледі. Алайда екі тараптың бірі әлденеге наразылық танытса, бұл мерзім ары жылжуы мүмкін.
Гэддидің айтуынша, бұл ірі келісімнің іске асуы екі тараптың да жұмсайтын қаражаты мен саяси ерік-жігеріне байланысты болады.
«Ресейдің қаржы болса, аз уақыт ішінде кез келген дүниені тындыра алатынын білеміз. Сочиді айтсақ та жеткілікті. Шындап кіріссе, Қытай да солай етеді. Сондықтан мәселе келісімнің техникалық тұрғыда іске асу мүмкіндігінде емес, тараптардың бұл келісімді іске асыруға ниеті бола ма, жоқ па – сонда» дейді ол.
«Газпромның» баспасөз хабарламасына қарағанда, Қытайға газ алдымен Шығыс Сібірдегі екі кен орнынан (Ковыкта және Чаянда) жеткізіледі. Олар әзірге экспорт құбырларына қосылмаған. Ал Ресейден Украина арқылы Батыс Еуропаға жеткізілетін газдың көп мөлшері Батыс Сібірдегі кен орындарында өндіріледі.
КЕЛІСІМ УКРАИНА МЕН ЕУРОПАҒА ӘСЕР ЕТЕ МЕ?
Бұл келісім-шарттың Еуропа мен Украинаға берілетін газға тікелей әсері жоқ. Бірақ теориялық тұрғыдан қарастырса, келісім Батыс Еуропаға сатылатын газ бағасына әсер етуі, тіпті Ресейдің газын басқа да нарықта сата алатынын көрсеткісі келуі мүмкін.
«Газпром», мәселен, газ экспортын Азияға бағыттау арқылы еуропалықтармен келіссөздердегі позициясын күшейте алады. Бұл – кімнің кімге тәуелді екенін көрсету мен саудаласқан кезде басым түсудің қамы. Біз жоспарларға, кейде тіпті келісім-шарттарға сүйеніп құрылатын сценарийлер мен рыноктардың, қауіпсіздік саясатының жылдар өте өзгеріп жататынын ескеруіміз керек» дейді Клиффорд Гэдди.
Өзге бір сарапшы бұл жерде қандай да бір саяси астар бар дегенді жоққа шығарады. Себебі Ресей - барланған газ қоры бойынша әлемдегі ең бай мемлекет. Гарвард университетінің Ресейді зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Маршалл Голдман: «Бұл келісім-шарт әлденеге әсер етеді деп ойламаймын. Ресей газының көптігі соншалық, олар оны кез келген елге сата алады» дейді.
КЕЛІСІМГЕ УКРАИНА ДАҒДАРЫСЫ ӘСЕР ЕТТІ МЕ?
Әсер еткендей болып көрінуі мүмкін. Ондаған жыл бойы газ бағасына дауласып келген Ресей мен Қытай мамырдың 21-і күні келісім-шартқа қол қойды. Тіпті бұл екі тарап бір күн бұрын ғана келісе алмай тарасқан еді. Оның алдында «Газпром» «маусымның 1-іне дейін алдын ала төлем жасамаса, Украинаға газ беруді тоқтатамыз» деп мәлімдеген.
«Ресейліктер бұл келісімге амалсыз қол қойды. Оларға Батысқа қыр көрсету керек болып тұр. Кремль газ сатудағы Батысқа деген тәуелділігін азайтқысы келеді. Бірақ бұл келісім-шарт әділетсіз дегенді білдірмейді. Қытай оларды келісімге күштеп келтірген жоқ. Демек, келісім-шарттың Ресей үшін бір пайдасы бар. Кремль газ бағасынан да маңызды бір мақсатты көздеп отыр» дейді Клиффорд Гэдди.
Гэдди мұны Ресейдің Батысқа: «Міне, біз Қытаймен ірі келісімге қол қойдық. Біздің газ сататын басқа да жолдарымыз бар. Күніміз сендердің энергетикалық секторға саламыз деп қорқытатын санкцияларыңа қарап қалған жоқ» деп қыр көрсетуі ретінде сипаттайды.
(Азаттық тілшісі Люк Джонсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан).