Қазақстанда бұдан он жылдай бұрын небары 30 мыңдай ғана киік болса, бүгінде оның саны 256 мыңнан асқан. Бұл туралы 13 маусым күні Астанада БАҚ өкілдеріне хабарлаған қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров жақын болашақта елдегі киік басы жарты миллионға жетсе, оны нарыққа шығаруға болатынын айтты.