Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты оппозициялық 16/12 порталының тілшісі, "полицияға бағынбады" деп айыпталған Андрей Цукановты 15 күнге әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды. Сот ашық болса да журналистер мен құқық қорғаушыларды кіргізбеді.
Цуканов 7 шілдеде Алматыда пәтерін жалға беретін бір топ тұрғынның наразылық акциясына барғанда полиция өзін арандатпақ болып, зәбір көрсеткенін мәлімдеген. Наразылық танытқан әйелдер мен Цукановты полиция ұстап әкетіп, Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына апарып, ертеңінде босатқан. 10 шілдеде бірнеше адамға айыппұл салынған.