Accessibility links

Соттан "Сириядағы қазақтар" видеосын тыюды сұрады


Сирияда соғысып жүрген қазақстандықтар. («ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жарияланған видеодан скриншот).
Сирияда соғысып жүрген қазақстандықтар. («ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жарияланған видеодан скриншот).

Байланыс және ақпарат агенттігі Астана қаласы Есіл ауданы сотына талап жолдап, Сириядағы қазақстандықтар туралы видеоны Қазақстан аумағында көрсетуге тыйым салуды сұрады деп хабарлады агенттік басшысы Асқар Жұмағалиев.

Агенттік талабы өздерін «Сирияда соғысып жүрген жиһадшылармыз» деп таныстырған адамдардың видеосы жөнінде.

Жұмағалиев ол видеоның сотқа дейінгі тергеуге байланысты YouTube-тен және "Вконтакте" әлеуметтік желісінен өшірілгенін айтты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті де бұған дейін ол видеоны жарияламауды не көшіріп баспауды ескерткен еді.

Бұған дейін де «Сирияға қоныс аударған қазақстандық жиһадшы топ» видеосы тараған еді. Азаттық тілшілері журналистік зерттеулер барысында былтыр күзде интернетте жарияланған ол видеодағы кейбір адамдардың аты-жөнін анықтаған еді.

XS
SM
MD
LG