Accessibility links

NYT: Ресей хакерлері миллиардтан аса пароль ұрлаған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

New York Times газетінің дерегі бойынша, ресейлік бір топ хакер 1.2 миллиардқа жуық интернет логиндер мен парольдерді және 500 миллионнан аса электрондық пошта адрестерін ұрлаған.

Қылмыстық әрекетті киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін Hold Security компаниясы әшкерелеген. Оның ақпаратына қарағанда, деректер 400 мыңнан аса сайттан ұрланған. Бірақ компания ол сайттарды жариялауға құқығы жоқ екенін айтады. Hold Security өкілінің сөзінше, хакерлер Ресейдің орталық бөлігіндегі шағын қалада орналасқан.

Зардап шеккен сайттар арасында халықаралық ірі компаниялар мен шағын компаниялардың веб-сайттары бар. Олардың көпшілігі әлі де әлсіз қорғалған.

Хакерлер ұрланған ақпараттарды әлеуметтік желілерге, мысалы Twitter-ге спамдар жіберу үшін қолданады.

XS
SM
MD
LG