Accessibility links

Түрмедегі туған күн

Алматы маңында түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Владимир Козловты жақтастары туған күнімен құттықтады. Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысы бар деген айыппен жеті жарым жылға сотталған Козлов 54 жасқа толды. Түрме алдына жиналғандар «Владимир Козловқа бостандық берілсін!» деген жазу мен оның суреті басылған кеудеше киіп, қолдарына «Туған күніңмен, Владимир!» деген транспарант ұстап тұрды. Акция бейбіт түрде өтті. Алматы облысы Іле ауданы Заречный кенті, 10 тамыз 2014 жыл. (Суреттерді түсірген - Қазис Тоғызбаев).

16x9 Image

Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG