Accessibility links

ОСК: Сенат сайлауына 88 кандидат ұсынылды


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)

Қазан айында өтетін парламент сенаты сайлауына 88 кандидат ұсынылғаны туралы хабарлады бүгін Астанадағы брифингте Қазақстан орталық сайлау комиссиясының (ОСК) баспасөз хатшысы Венера Жексембекова.

Оның сөзінше, сенат сайлауына кандидаттарды ұсыну тамыздың 2-і басталып, 31-і күні аяқталған.

"Биыл Алматыдан ең көп кандидат - тоғыз адам ұсынылды. Ақтөбе және Алматы облыстарынан 7 кандидаттан ұсынылды. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласынан алты үміткер ұсынылды. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан - бес адамнан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан - төрт кандидаттан ұсынылды" деді Жексембекова.

Парламент сенатындағы 47 депутаттың 15-ін Қазақстан президенті тағайындайды, 32 депутатты (әр облыс пен Астана және Алматы қалаларынан екі кандидаттан) жергілікті мәслихаттар сайлайды.

Сенат депутаттары алты жыл мерзімге сайланады. Әр үш жылда 16 депутат қайта сайланып отырады. Қазақстанда соңғы рет сенат сайлауы 2011 жылы өткен.

XS
SM
MD
LG