Accessibility links

Евтушенковтің "үйқамақтан шыққаны" расталмады


Владимир Евтушенков (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путиннің қабылдауында отыр. (Көрнекі сурет)
Владимир Евтушенков (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путиннің қабылдауында отыр. (Көрнекі сурет)

Ресейлік миллиардер Владимир Евтушенков өзінің "үйқамақтан уақытша босатылғаны" туралы бүгін пайда болған хабарды теріске шығарды. РИА "Новости" ақпарат агенттігіне бұл туралы Евтушенковпен телефон арқылы сөйлескенін айтқан Ресейдің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының басшысы Александра Шохин хабарлаған.

Мәскеудің Басманный соты Евтушенковтың телефонмен сөйлескені расталса, оған қатысты жаза қатаңдатыла түседі, өйткені бұл үйқамақ шартын бұзуға жатады деп мәлімдеді.

Жұма күні Ресейдің тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин Евтушенковқа қатысты шектеу шарасы өзгертілмегенін айтқан.

16 қыркүйекте Владимиру Евтушенковқа "Башнефть" компаниясының акциясын талан-таражға түсіру бойынша айып тағылған еді. Кәсіпкер айыпты мойындамайды.

Ресейлік бизнес-қауымдастықтың бір бөлігі ірі кәсіпкердің тұтқындалуына қатысты наразы реакция танытқан.

XS
SM
MD
LG