Accessibility links

Донецк әуежайына шабуыл тойтарылды


Донецк әуежайы. (Көрнекі сурет)
Донецк әуежайы. (Көрнекі сурет)

Жұма күні Украинаның шығысындағы үкімет әскері Донецк әуежайына жасалған танкілер шабуылын тойтарған. Бұл туралы УНИАН агенттігі хабарлады.

Ол ақпаратқа қарағанда, жұма күні кешке сепаратистер әуежайды қайтадан атқылай бастаған. Бұдан соң олар нысанды басып алуға әрекет жасаған.

«Интерфакс» ақпараты бойынша, бүгін Донецкіде екі үлкен жарылыс естілген. Болжам бойынша, қалаға зымыран атылған.

Осы агенттік Донецк қалалық кеңесіне сілтеме жасай отырып, қалада түн тыныш өткенін хабарлаған еді. Бірақ таңғы бестен кейін Донецкіден атыс пен жарылыс дыбыстары естіле бастаған. Қалалық кеңес мәліметтеріне қарағанда, кейінгі тәуліктерде бірнеше зымыран тұрғын үйлерге және басқа ғимараттарға түскен.

XS
SM
MD
LG