Accessibility links

Қарағандының бұрынғы әкімі ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов 1 қазан күні кешке коррупцияға қатысты күдікпен ұсталды деп хабарлайды қазақстандық ақпарат агенттіктері. Қазір экс-әкім Қарағандыда уақытша қамау абақтысында отыр.

Мемлекеттік қызмет және коррупциямен күрес агенттігі оның үстінен «қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оның тендерлерді өткізгенде «жекеменшік құрылыс компанияларының мүддесін қорғағанын» айтады.

2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың маусымына дейін Қарағанды қаласының әкімі болып істеген Мейрам Смағұлов бұл қызметінен өз өтінішімен кеткен.

Қыркүйек айының соңында коррупциялық қылмысқа қатысты айыппен Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев екі айға қамалған.

XS
SM
MD
LG