Accessibility links

БАҚ: Қазақстан ресейлік белсендіге айып тақты


Ресейлік «Русские» қозғалысының өкілі Дмитрий Демушкин.
Ресейлік «Русские» қозғалысының өкілі Дмитрий Демушкин.

Ресейлік «Русские» қозғалысының өкілі Дмитрий Демушкинге Қазақстан тарапынан айып тағылғаны хабарланды.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Демушкин Қазақстан билігінің өзін "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыптағанын жақында ғана естігенін, "Поткинді қамағанға дейін бұл іске еш қатысы болмағанын" айтты.

Дмитрий Демушкин Азаттыққа жазбаша берген жауабында: «Маған бұл жайында бір ай бұрын айтқан еді. Бірақ мән бермегенмін. Ал кеше Мәскеудің Тверь аудандық сотында Поткинге жіберілген материалды оқыды, онда барлық жерде менің фамилиям жүр» деді.

Ол бұл іспен адвокаты айналысып жатқанын айтып, басқа сұрақтарға жауап бермеді.

Қазақстанның бас прокуратурасы бұл туралы Азаттықтың ресми сауалына әзірге жауап берген жоқ.

Бұған дейін Дмитрий Демушкин ресейлік басылымдарға берген сұхбатында қылмыстық істің «Русские» қозғалысының жетекшісі Александр Поткин (Белов) ісімен байланысты екенін айтқан. Ақпарат бойынша, Ресейде «ақша жымқырғаны үшін» айыпталып қамалған Поткинді Қазақстанның құқық қорғау органдары «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деп айыптап отыр.

Дмитрий Демушкиннің айтуынша, қамауға алынған Александр Поткиннің ісі "Өскеменде тұратын орыстардың құқықтарын қорғау әрекетімен" байланысты.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG