Квартиранттың басты арманы баспаналы болуы. Өз баспанасына өз кілтімен кіріп, өз қалауы бойынша жиһаздар, киім-кешектер орындарын койып және еркін жүріп-тұрып, дос жарандарын өз шаңырағында ашық-жарқын әнгімемен күтсе.
Егер отбасылы, бала-шағалы болса, пәтер иесі келіп мазаламаса, жұмыста алаңсыз, тапқан таянғанды толықтай бала-шағаға жұмсап мерекелерді өз шаңырағында қарсы алса.
"Өз үйім - өлең төсегім" деп кеңінен шалқайып жатса!
Ол - өзекті мәселе, бастысы сабыр етейік, әр таңды жарқын жүзбен жылы шыраймен қарсы алайық. Өмірде жақсы пәтер иесі де, жаман («жексұрын» - бұлай атағаным күнә болса, Аллаһым өзі кешірер, екінші балаға босанып шыққаныма 10 күн өтпестен сол пәтер иесі "шығындар" дегені) пәтер иесі де бар, өз өмірімнен айта аламын.
Бірақ ол әңгіме 300 сөзден әлдеқайда көп.
Назым
Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.