Бүгін, 14 қараша күні жергілікті уақытпен таңертеңгі 7 сағат 25 минут шамасында Алматыда жер сілкінісі сезілді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Тұрғындардың айтуына қарағанда, үйдегі электр шамдарының люстралары тербелген.
«Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 130 километр қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
Алматыдағы жер сілкінісінің күші МSК-64 шкаласы бойынша 3-4 балл болған деп хабарланды.
Зардап шеккендер мен зиян келгені туралы хабар түспеген.