Accessibility links

Алматыда ауыр атлетикадан әлемдік жарыс мәреге жетті


Илья Ильиннің ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанар сәтіндегі жеңісі. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.
Илья Ильиннің ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанар сәтіндегі жеңісі. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.

Бүгін Алматыда ауыр атлетикадан әлем біріншілігі аяқталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Бұл жарыста Қазақстаннан үш спортшы чемпион атанып, екі атлет күміс жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (58 кг) үздік шықса, ерлер арасында Жасұлан Қыдырбаев (94 кг) және Илья Ильин (105 кг) алтын медаль жеңіп алды.

Илья Ильин – төрт дүркін әлем чемпионы атағына ие болған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол осыған дейін 2007, 2009 және 2011 жылдары әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен.

Ал, 2009 және 2011 жылдары өткен әлем чемпионаттарында алтын алған Зульфия Чиншанло бұл жолы тағы да жеңімпаз атанды.

Биылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында Жазира Жаппарқұл (69 кг) және ерлер бәсекесінде Владимир Седов (94 кг) күміс жүлде иеленді.

Үш алтын, екі күміспен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды. Алғашқы екі орынды Қытай (4 алтын, 1 күміс, 6 қола) мен Солтүстік Корея (4 алтын, 1 күміс, 3 қола) өзара бөлісті.

Былтыр Польшада өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Алмас Өтешов күміс, Владимир Седов қола медаль алған еді.

Ауыр атлетикадан 2015 жылғы әлем чемпионаты АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтеді.

XS
SM
MD
LG