АҚШ Әзербайжан билігінің Азаттықтың Баку бюросын тінтіп, қызметкерлерін тергегеніне алаңдаушылық білдірді.
Вашингтон Әзербайжан билігінің есіне БАҚ еркіндігін қамтамасыз ету жөнінде халықаралық міндеті бар екенін салып, болған оқиғаны ашық тексеруге шақырды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович Азаттықтың Баку бюросына (Азадлыг - ред.) жасалған полиция тінтуін "жол беруге болмайтын оқиға" деп бағалады. Ол "Әзербайжанда сөз бостандығына шабуыл жасалып жатыр" деген.
Бұл елде 100-ге жуық саяси тұтқын түрмеде отыр. Олардың ішінде Азаттықтың Баку бюросының қызметкері Хадиджа Исмаилова, Бейбітшілік және демократия институты директоры Лейла Юнус пен оның күйеуі, азаматтық белсенді Ариф Юнус және басқа белсенділер бар.
Жақында Әзербайжанда үш бірдей үкіметтік емес ұйым - IREX ("АЙРЕКС", 125 елде демократиялық реформалар жүргізуге көмектесуші ұйым), Ұлттық демократиялық институт және Оxfam ("Оксфэм", әлемнің 90 елінде кедейлік және әлеуметтік теңісіздікпен күресуші ұйым) жабылды.