Accessibility links

БҰҰ комитеті Курамшиннің шағымын қайтарды


Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.
Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамансопка түрмесінде жатқан азаматтық белсенді Вадим Курамшин Азаттық тілшісіне хабарласып, БҰҰ-ның адам құқығы комитеті ісіне қатысты шағымын екінші рет қайтарып жібергенін айтты. Оның сөзінше, бұл жолы арыз жазуда қате кеткен.

Азаттық бұған дейін Курамшиннің БҰҰ комитетіне жазған бірінші арызы да дұрыс толтырылмағандықтан қайтарылғанын жазған еді.

Вадим Курамшин БҰҰ комитетіне жазған шағымында "бопсалау" айыбымен сотталған өзінің үкімі заңсыз екені жайлы уәжін Қазақстан соты мен бас прокуратурасы елемегенін айтқан.

Қазақстан соттары, соның ішінде жоғарғы сот та ауыр "қылмыс жасаған Вадим Курамшиннің жазасы заңға сай болғанын" мәлімдейді.

Ал түрме басшылығы Курамшиннің қамаудағы жағдайы жайлы шағымын жоққа шығарады.

Түрмедегі тұтқындар құқығын қорғаушы белсенді, 40 жастағы Вадим Курамшин 2012 жылы "бопсалау" айыбымен 12 жылға сотталған. Курамшин өзіне таққан айыпты жоққа шығарады. Ол да, жақтастары да үкімнің саяси астары бар екенін айтады.

XS
SM
MD
LG