Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің бұйрығымен қызылша екпесі 4 мамырға дейін тоқтатылатыны хабарланды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет таратқан мәліметке сәйкес егу вакциналарының сапасы қазір Ұлттық экспертиза орталығында тексеріліп жатыр.
Қазақстанда 19 ақпаннан бастап 15-19 жастағы адамдарға қызылшаға қарсы екпе егу науқаны басталған.
Бұл екпеден кейін Жаңаөзенде 86 бала, Теміртауда 18 студент ауруханаға түскен.