Accessibility links

АҚШ «Кавказ әмірлігі» басшысын террористер тізіміне қосты


Солтүстік Кавказдағы «Кавказ әмірлігі» исламшыл экстремистік тобының видеосынан скриншот.
Солтүстік Кавказдағы «Кавказ әмірлігі» исламшыл экстремистік тобының видеосынан скриншот.

АҚШ үкіметі Солтүстік Кавказдағы «Кавказ әмірлігі» («Имарат Кавказ») исламшыл экстремистік тобының жетекшісі Алиасхаб Кебековті халықаралық террористер тізіміне қосып, санкция салды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, АҚШ-та Алиасхаб Кебековтің мүддесі бар кез-келген дүние-мүлік пен есеп-шоты бұғауланады. Сонымен бірге АҚШ өз азаматтарына Кебековпен қандай да бір операциялар жасауға тыйым салған.

Дағыстаннан шыққан Алиасхаб Кебеков бұған дейін «Кавказ әмірлігі» тобының басшысы болған Доку Умаровтың орнын басқан. 2014 жылы наурыз айында Солтүстік Кавказдағы содырларға қатысы бар вебсайттардың бірі Доку Умаровтың қаза тапқаны туралы хабарлаған. Ал сол жылы сәуір айында Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі Умаровтың көзін жойғанын мәлімдеген.

«Кавказ әмірлігі» тобы Шешенстандағы екі соғыстан кейін пайда болған. АҚШ бұған дейін бұл топты террористік ұйымдар тізіміне қосқан.

XS
SM
MD
LG