Accessibility links

Апелляциялық сот Шевцова-Валова үкімін өзгертпеді


"Ұлтаралық араздықты қоздыру" айыбы бойынша сотталған Татьяна Шевцова-Валова.
"Ұлтаралық араздықты қоздыру" айыбы бойынша сотталған Татьяна Шевцова-Валова.

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы ​"ұлтаралық араздықты қоздырды" деген айыппен төрт жылға шартты түрде сотталған Алматы тұрғыны Татьяна Шевцова-Валованың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Азаттыққа бүгін Шевцова-Валованың апелляциялық шағымын қараған судья, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Бақытжан Қарамановтың хатшысы хабарлады.

Шевцова-Валова бірнеше әлеуметтік желі қолданушыларының талап-арызы бойынша жауапқа тартылған. Шағымданушылар Шевцова-Валованы Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаларында этникалық негізде кемсітушілікпен және тіл тигізушілікпен айналысты деп айыптаған. Құқық қорғау орындары оны қылмыстық кодекстің 164 бабы бойынша "ұлтаралық араздықты қоздырды" деп айыптаған.

Татьяна Шевцова-Валованың ісі бойынша сот 12 қаңтарда басталып, үкім 31 наурызда шыққан. Сот төрт жылдың үш жылын сынақ мерзімі ретінде белгілеген. Шевцова-Валованың өзі айыбын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG