Accessibility links

Қазақстан Непалға гуманитарлық көмек жөнелтпек


Жер сілкінісінен қираған аймақта жүрген құтқарушылар. Непал, 15 мамыр 2015 жыл.
Жер сілкінісінен қираған аймақта жүрген құтқарушылар. Непал, 15 мамыр 2015 жыл.

Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Непалға 200 мың АҚШ долларының гуманитарлық көмегін жібереді деп хабарлады бүгін үкіметтің баспасөз қызметі. Гуманитарлық көмек жөнелту туралы шешім премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысында қабылданған.

Гуманитарлық көмек қаржысы үкіметтің төтенше жағдайларға арналған қорынан бөлінбек. Бұған қоса үкіметке Ауғанстанға да гуманитарлық көмек көрсету туралы ұсыныс білдіруге шешім қабылданған.

Сәуір айының соңы мен мамырдың басында Непалда бірнеше күшті жер сілкінісі болып, сегіз мыңнан астам адам қаза тапқан. БҰҰ дерегінше, зілзаладан Непалдың 28 миллион тұрғынының сегіз милилоны зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG