Грекияда жексенбі күні өткен референдумның алдын ала нәтижелері бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 38 пайыздан астамы халықаралық несие берушілер талаптарын қолдаса, 61 пайыздан көбі «жоқ» деп жауап берген.
Дауыс беруге сайлаушылардың 62 пайызы қатысқан.
Референдум өткізу туралы бастама көтерген премьер-министр Алексис Ципрас үкімет халықаралық қаржы инститтуттарымен қарыз мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізетін болады деп мәлімдеді. Референдум алдында Ципрас пен ол басқаратын «Сириза» партиясы сайлаушыларды халықаралық несие берушілер талабына қарсы дауыс беруге шақырған.
Шілденің 3-і күні Еуропалық қаржы тұрақтылық қоры (EFSF) Грекияны төлемге толық қабілетсіз мемлекет деп жариялаған. Шілденің 1-і күні Грекия халықаралық валюта қорына 1,5 миллиард еуродан аса көлеміндегі несие берешегін төлей алмай дефолтқа ұшыраған.