Accessibility links

КТ: Аудиториядан 107 талапкер шығарылды


Тест тапсыру шарасы. (Көрнекі сурет).
Тест тапсыру шарасы. (Көрнекі сурет).

Бес мыңға жуық колледж түлектері кешенді тестен өте алмады. Бұл туралы ұлттық тесттілеу орталығының арнайы есебінде жарияланған.

Биылғы кешенді тестілеу кезінде 107 адам аудиториядан шығарылған. Оның 79-ы өз орнына бөтен адам кіргізуге талпынған. 34 талапкер ұялы телефон қолданғаны үшін тесттен шығарылған.

Биылғы кешенді тестілеуге 56 мың талапкер қатысып, оның 69 пайызы шекті елу балды ала алмаған.

XS
SM
MD
LG