Accessibility links

Алматы облысында мектеп директоры пара үшін жазаланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Әйтей ауылындағы орта мектеп директорына пара алғаны үшін бір миллион теңге айыппұл салынған.

Алматы облыстық сотының хабарлауынша, мектеп директорының «география пәні оқытушысына сағат қосып, екінші дәрежелі мұғалім санатын алуға көмектесу үшін одан 20 мың теңге пара алғаны» анықталған.

Сот мектеп директорының мүлкін тәркілеп, оны өмір бойы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарында басшы қызметте істеу құқығынан айырған.

XS
SM
MD
LG