Accessibility links

Сарапшылар: Астана бюджетінің ашықтығы нашарлады


"Сандж" зерттеу орталығының сарапшысы Ақбота Жаппар (сол жақта) мен тәуелсіз сарапшы Фатима Жандосова. Астана, 25 тамыз 2015 жыл.
"Сандж" зерттеу орталығының сарапшысы Ақбота Жаппар (сол жақта) мен тәуелсіз сарапшы Фатима Жандосова. Астана, 25 тамыз 2015 жыл.

Жергілікті бюджеттің ашықтығы индексі бойынша, Астана қаласы 100 балдан 27,14 балл жинаған.

- Бұл зерттелген барлық 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының орташа балынан (37,09) едәуір төмен. 2013 жылғы Астана индексі 36,9 бал болған еді, – дейді Азаттыққа «Сандж» зерттеу орталығының сарапшысы Ақбота Жаппар.

Маманның пікірінше, соңғы екі жылда Астана қаласының билігі бюджетке қатысты ақпараттарды толымсыз және кешікітіріп жариялауды үрдіске айналдырған. Сарапшылардың зерттеулері бойынша, жергілікті бюджеттің ашықтық индексі көрсеткіші жағынан биыл 62,51 балмен Шығыс Қазақстан облысы алға шыққан. Ең төменгі көрсеткіш (20,51 бал) Қызылорда облысына тиселі. Ал, Алматы қаласының индексі – 22,07 бал.

–Тұрғындардың жергілікті бюджеттің құрылуы мен жұмсалуы және оның тиімділігінен хабарсыз екені осы деректерден анық байқалады,–дейді тәуелсіз сарапшы Фатима Жандосова.

Жергілікті бюджеттің ашықтық индексін құрамына бірнеше үкіметтік емес ұйым кіретін Қазақстанның ұлттық бюджеттік жүйесі "Сорос Қазақстан" қорының демеуімен 2013 жылдан бері өткізіп келеді. Екі жылда бір рет өтетін бұл зерттеуге тек сарапшы мамандар ғана қатысады.

XS
SM
MD
LG