Accessibility links

"Астананың" қарсыластары анықталды


"Астана" футбол командасының ойыншыларының кезекті жеңіске жеткен сәті (Сурет "Астана" командасының баспасөз қызметінен алынды)
"Астана" футбол командасының ойыншыларының кезекті жеңіске жеткен сәті (Сурет "Астана" командасының баспасөз қызметінен алынды)

Монакода 2015/2016 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы маусымының топтық кезеңіндегі футбол жарысына қатысатын 32 команданың арасында жеребе тартылды.

Қазақстанның атынан аталмыш турирге қатысу мәртебесін иеленген тұңғыш клуб - "Астана" C тобында португалиялық "Бенфика", испаниялық "Атлетико" және түркиялық "Галатасараймен" кездесетін болды.

26 тамыз күні "Астана" клубы кипрлік АПОЭЛ командасымен Никосиядағы қарымта ойында 1-1 есебімен тең түсіп, екі ойынның қорытындысы бойынша 2-1 есебімен жеңіске жетіп, УЕФА-ның чемпиондар лигасында ойнау мәртебесіне ие болған еді.

2015-2016 жылғы ЧЛ-нің маусымы 15 қыркүйекте басталып, 2016 жылғы 28 мамыр күнгі финалмен бітеді. 32 команда әуелі төрт-төрттен сегіз топта күш сынасады. Әр топта алғашқы екі орын алған командалар 1/16 финалға шығады да, ары қарай жеңгендері келесі кезеңге өтіп отырады.

XS
SM
MD
LG