Accessibility links

Кабардин-Балқар еліне Сирия босқындары келіп жатыр


Тырныауз елдімекені, Кабардин-Балқар. (Көрнекі сурет)
Тырныауз елдімекені, Кабардин-Балқар. (Көрнекі сурет)

Ресей құрамындағы Кабардин-Балқар автономиялық республикасы аумағына екі мыңға жуық сириялық босқын келген. Бұл туралы автономияның билік орындары мәлімдеді. Босқындардың көпшілігі – арғы ата-бабасы Кавказда тұрған сириялық черкестер екені хабарланды.

Ресей президенті жанындағы азаматтар бостандығы мен адам құқығы жөніндегі кеңестің мүшесі Максим Шевченко Ресей 5-10 мың черкесті қабылдай алады деп мәлімдеген.

Мыңдаған черкес, абхаз, абаз және басқа да халықтар 1884-1867 жылдары аралығында Кавказ соғысынан соң ата-баба мекенін тастап, шетелге бассауғалап кетуге мәжбүр болған. Солардың көбі қазіргі Сирия территориясына ауып барған еді.

Сириядағы соғысқа дейін ол елде 80 мың этникалық черкес тұрған.

XS
SM
MD
LG