Accessibility links

Ақмола: Судан зардап шеккендер жаңа үй алды


Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин су тасқынынан зардап шеккен Оразақ ауылының тұрғындарына жаңа пәтер кілттерін табыстап тұр. Ақмола облысы, 15 қыркүйек 2015 жыл.
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин су тасқынынан зардап шеккен Оразақ ауылының тұрғындарына жаңа пәтер кілттерін табыстап тұр. Ақмола облысы, 15 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгін Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагин Целиноград ауданы Оразақ ауылындағы тасқыннан зардап шеккен 40 шақты отбасыға жаңа үй кілтін табыстады.

- Ақмола облысындағы тасқыннан зардап шеккен бес аудандағы 84 үйді қалпына келтірдік. Қазір 300 пәтер салу керек. Қазір Ақмол ауылында 90 пәтерлі көп қабатты үй салынып жатыр, - деді Кулагин Азаттық радиосы тілшісіне.

Биылғы жылдың сәуір айында Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынынан ондаған елді мекен зардап шеккен. Олардың көпшілігі - Қарағанды және Ақмола облысында.

Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Оразақ ауылын сәуірдің 28-і күні су басып қалып, 200-дей үй бүлініп, жүздеген адам эвакуацияланған. Бұл ауылда 1 мың 845 адам тұрады. Тасқынға дейін 367 үй болған. Тасқын салдарынан 30-дан астам үй құлап қалған.

XS
SM
MD
LG