Accessibility links

Мәжіліс ақпаратқа қолжетімділік заңы жобасын мақұлдады


Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң жобасын талқылауға келген депутаттар. Астана, 25 қыркүйек 2015 жыл.
Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң жобасын талқылауға келген депутаттар. Астана, 25 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан парламенті мәжілісі ақпаратқа қолжетімділік туралы заң жобасын мақұлдады.

Заңның мақсаты - әркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алу және тарату жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру.

Заң жобасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталына өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тағам өнімдерінің сапасы, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен денсаулығына қатерлі төтенше жағдайлар мен апаттар, сондай-ақ стихиялық апаттар мен болжамдар, оның салдары, адам құқығы мен бостандығының бұзылуы, терроризм актілері туралы мәліметтер енгізілетін болады.

Бұл ақпаратқа парламентпен қатар барлық мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар, мемлекеттік бюджеттен қаражат алатын ұлттық компаниялар мен ұйымдар қол жеткізе алады.

Азаматтардың өтініші бойынша ақпарат тегін беріледі. Жауапты дайындау мерзімі - 20 күн. Егер жауап беру мерзімі сақталмаса, сондай-ақ сұралған ақпаратты беруден заңсыз бас тартылса, лауазымды тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде айыппұл салынады.

Заң жобасын енді сенат талқылайды.

XS
SM
MD
LG