Нобельдің әдебиет саласындағы 2015 жылғы сыйлығы белорус жазушысы, 67 жастағы Светлана Алексиевичке берілді.
Швед академиясы оның туындыларын «заманымыздағы қасірет пен ерліктің ескерткіші» деп бағалады.
Светлана Алексиевич советтік және қазіргі Беларусьтегі маңызды оқиғаларды суреттеген жазушы. Оның «Чернобыльская молитва» және «Время second-hand» кітаптары советтік ұрпақтың қазіргі тұрмысына арналған.
Светлана Алексиевич - Нобельдің әдебиет сыйлығын алған он төртінші әйел жазушы. Ол 960 мың доллар көлемінде сыйлық алады.
Нобельдің бейбітшілік сыйлығының иегері ертең анықталады.
Швед химигі әрі қару жасаушысы Альфред Нобель негізін қалаған сыйлық 1901 жылдан бері табысталып келеді.