Accessibility links

Обама мен Ердоған ИМ-мен күресті талқылады


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

АҚШ президенті Барак Обама мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен бірлесіп күресу жайын талқылады.

Ақ үйдің хабарлауынша, екі ел басшылары әңгімеде "Сирия дағдарысын реттеп, саяси өзгерістер жасау үшін ИМ-ге әскери қысымды күшейтіп, Сириядағы ұстамды оппозициялық топтарды қолдау - екі елдің ортақ мақсаты" екенін тағы бір мәрте айқындаған.

Бұған дейін Анкара АҚШ-тың Сириядағы көтерілісші топтарға тасымалдайтын қару-жарағы Күрдістан жұмысшы партиясының қолына түсіп, Түркияға қарсы қолданылуы мүмкін деп алаңдаған.

Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын Ресей қыркүйектің соңында Сирияда көпшілігін АҚШ пен Түркия қолдайтын, Асадқа қарсы соғысып жатқан топтарға әуеден шабуыл жасай бастаған.

XS
SM
MD
LG