Accessibility links

Ресей Сириядағы ИМ шебіне 51 шабуыл жасады


Ресейдің Су-24 әскери ұшағы.
Ресейдің Су-24 әскери ұшағы.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, 18 қазан күні Ресей әскери ұшақтары 39 рет ұшып шығып, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының майдан шебіне 51 шабуыл жасаған.

Министрлік Ресей әскери ұшақтары "Хама, Латакия және Дамаск пен Алеппо маңындағы аудандарды нысанаға алғанын" хабарлады.

Ресей соңғы күндері Сирияда әуе шауылдарын күшейткен. Ресей әскерилері 13 қазан күні Сирияда "88 әуе шабуылын жасағандарын" хабарлаған еді.

Мәскеу "Сирияда ИМ нысандарын бомбалап жатқанын" айтады. Бірақ Вашингтон мен оның одақтастары "Ресей Сирия президенті Башар Асад әскеріне қарсы соғысып жатқан ұстамды көтерілісшілерге соққы беріп жатыр" дейді.

XS
SM
MD
LG