Accessibility links

"Жас Алаш" соты ашық түрде жалғасты


"ЖасАлаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай.
"ЖасАлаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай.

Алматының Алмалы аудандық 2-сотында бүгін "Жас Алаш" газетінің үстінен жазылған шағым бойынша сот отырысы жалғасты. Басылымның бас редакторы Рысбек Сәрсенбайдың Азаттыққа айтуынша, бұған дейін жабық өтіп келген сот отырысы бүгін ашық өткен.

Сот Тибет медицинасы орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлының шағымы бойынша өтіп жатыр. Шағымданушы "Жас Алаш" газетінің шуығуын алты айға тоқтатып, өзіне 400 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етеді.

Жасан Зекейұлы соттан газеттің шығуын алты айға тоқтатуды, басылым мен тағы үш адамға жиыны 400 миллион теңге (1 миллион 500 мың долларға жуық - ред.) өтемақы төлетуді сұрайды. Оның ішінде «Жас Алаш» газетіне «тиесілі» сома - 100 миллион теңге (370 мың доллардай ақша - ред.). Шағымданушы қалған 300 миллион теңгені өзінің бұрынғы әйелі, бұрынғы қайын атасы және "Жас Алаштың" бір оқырманынан теңдей 100 миллионнан өндіріп беруді талап етеді. Жасан Зекейұлы газеттің жазбаша түрде кешірім сұрауын да талап еткен.

Рысбек Сәрсенбай соттың келесі отырысы - жарыссөз кезеңі 10 қарашаға белгіленгенін айтады.

Басылымға қатысты сот 12 қазанда басталған.

XS
SM
MD
LG