Ресейлік атлеттерге тағылған айыптау мен оның нәтижесі ФИФА төңірегіндегі халықаралық дау-дамаймен ұқсас. Женевадағы баспасөз мәслихатында допингті пайдалануды зерттеумен айналысатын Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) «Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың директоры Григорий Родченков 1417 допинг-сынағын әдейі жойған» деп мәлімдеді.
Агенттік құрған тексеру комиссиясы мәскеулік зертхананы лицензиядан айыру туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар комиссия бес ресейлік жеңіл атлет пен олардың бес жаттықтырушысын өмір бойы халықаралық жарысқа қатысу құқығынан айыруды ұсынды.
CNN-нің хабарлауынша, бұл жайттан соң ресейлік жеңіл атлеттердің 2016 жылғы тамызда Рио-де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуы күмәнді.