Accessibility links

Селден зардап шеккендер "Нұр Отанға" шағымданды


Оразақ ауылы тұрғындары "Нұр отан" партиясының азаматарды қабылдау бөліміне арыз-шағымын тапсыруға келіп тұр. Астана, 10 қараша 2015 жыл.
Оразақ ауылы тұрғындары "Нұр отан" партиясының азаматарды қабылдау бөліміне арыз-шағымын тапсыруға келіп тұр. Астана, 10 қараша 2015 жыл.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылының он шақты тұрғыны бүгін билік партиясы «Нұр Отанның» Астанадағы азаматтарды қабылдау бөліміне келіп, арыз-шағым хатын тапсырды.

Белсенді топтың айтуынша, оразақтықтар үшін Астанадан 40 шақырым жердегі Ақмол ауылынан салынған 27 үй "әділетсіз" бөлінген. Бұдан өзге, Астанадан 20 шақырымдағы Қосшы ауылынан беріледі делінген 11 пәтер өздеріне белгісіз себеппен берілмейтін болған. Билік партиясына шағымданып барғандар Оразақта салынып жатқан жаңа үйлердің сапасыздығын айтып, оларды алғысы келмейтіндерін айтады. Наразы топты қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдаған мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов алдағы күндерді барлық тараптардың пікірін Оразақ ауылына арнайы барып, тыңдауға уәде берді.

Сәуір айындағы селден Астанадан 70 шақырым жердегі Оразақ ауылында 248 үй бүлінген болатын. Өтемақы ретінде жергілікті билік оларға жаңа үй салып беріп жатыр.

XS
SM
MD
LG