Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін Астанада ұсталған азаматтық белсенді Болатбек Біләловті босатуға шақырды. Ұйым сайтында жарияланған мәлімдемеде Біләловтің елде өткен аптада араздық тудыру бабымен тұтқындалған үшінші белсенді екенін айтылған.
HRW өкілі Мира Риттман "үкіметті сынаған үшін немесе даулы пікірін айтқаны үшін ешкім қамалмауы керек" деп мәлімдеді. Ұйым Еуропа Одағын Астанаға әсер етуге, елдің қылмыстық кодексіндегі 174-бапты халықаралық нормаға сай өзгертуге ықпал етуге шақырған.
Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов 11 қарашада араздық тудыру айыбымен екі айға қамалған.