Accessibility links

Париж: терактілерге күдіктімен атыс болды


Париждегі француз полицейі. 16 қараша 2015 жыл.
Париждегі француз полицейі. 16 қараша 2015 жыл.

Француз ақпарат құралдары Париждің солтүстігіндегі Сен-Дени ауданында полиция жасағы бұған дейін жасалған терактілерге күдіктіні ұстау операциясын жүргізгенін хабарлады. Атыс 18 қарашаның таңында болған.

France Press және BFMTV агенттіктерінің хабарлауынша, операция кезінде бірнеше полиция қызметкері жараланған.

Франция билігі бұған дейін 13 қарашада Парижде 132 адам қаза тапқан терактілерді кемінде сегіз адам жасаған деп хабарлаған еді. Олардың алтауы денелеріне жасырған жарылғыш заттармен өз-өздерін жарып жіберіп, біреуі сол күні полициямен атыста оққа ұшқан. Ал бір күдікті жасырынып, Бельгияға өтіп кеткен.

Полиция қазір терактілерге сегіз адамнан өзге тағы бір адамның қатысқаны анықталғанын және оны ұстау амалдары жүргізіліп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG