Accessibility links

Баку соты Хадиджа Исмайылдың үкімін өзгертпеді


Әзебайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.
Әзебайжан журналисі Хадиджа Исмайыл.

Бакудің апелляциялық соты 25 қарашада журналист Хадиджа Исмайылға шыққан үкімді күшінде қалдырды деп хабарлайды Азаттықтың Әзербайжан қызметі.

Апелляциялық шағымында журналистің адвокаты қылмыстық істі жауып, журналисті босатуды сұраған.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің тілшісі, осы ел билігіндегі коррупцияны әшкерелеген мақалалар жариялаған Хадиджа Исмайыл 1 қыркүйекте жеті жарым жылға сотталған.

Билік орындары Исмайылды «салықтан жалтарды», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланды» деген айыптар бойынша сотқа тартқан. Журналист өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, қылмыстық істі «саяси кек алу мақсатында ұйымдастырылған» деп санайды.

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Хадиджа Исмайылды «ар-ождан тұтқыны» деп таныған.

XS
SM
MD
LG