Accessibility links

Ресей Түркияға қарсы санкция жариялады


Ресей президенті Владимир Путин. Кремль, Мәскеу, 26 қараша 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Кремль, Мәскеу, 26 қараша 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Түркияға қарсы санкциялар салу туралы жарлыққа қол қойды.

Сенбі күні Кремльдің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, 2016 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ресей Түркиямен визасыз қатынас тәртібін өзгертеді.

Жаңа заңға сәйкес, Түркиядан Ресейге әкелінетін жекелеген тауар түрлеріне тыйым немесе шектеу енгізіледі; жаңа жылдан бастап Түркиядан жұмыс күшін әкелуге және Ресей жерінде түрік компанияларының жұмыс істеуіне шектеу қойылады.

Путин үкіметке Ресей мен Түркия арасындағы чартерлік әуе қатынасына тыйым салу шараларын енгізуді, түрік әуе тасымалдаушы компанияларының қызметі мен Азов-Қара теңіз бассейні порттарында бақылауды күшейтуді тапсырды.

Сонымен бірге билік ресейлік туристік компанияларға Түркиямен жұмыс істеуді тоқтатуды ұсынған.

Түркия әуе күштері қарашаның 24-і күні Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген соң екі елдің арасындағы саяси жағдай ушығып кетті. Түркия әскерилері ресейлік ұшақтың «елдің әуе кеңістігін бұзып, ескертуді елемегенін» мәлімдеген. Бірақ Мәскеу ол ұшақтың «Сирия аумағындағы әуе кеңістігінде жүргенін» айтып, Түркия шекарасын бұзғанын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG