Accessibility links

Сорос қоры Ресей таққан айыпты терістеді


Джордж Сорос.
Джордж Сорос.

АҚШ мемлекеттік департаменті Джордж Сорос құрған «Открытое общество» (Ашық қоғам - ред.) қорын Ресей билігінің «жағымсыз ұйым» санатына жатқызған шешіміне алаңдайтынын мәлімдеді.

«Открытое общество» қоры Ресей бас прокуратуратурасы таққан «қор Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне және конституциялық құрылымына қауіп төндіреді» деген айыпты жоққа шығарады.

Қор таратқан мәлімдемеде «​Ресей прокуратурасының айыптауларына қарамастан, қор ширек ғасыр уақыт бойы Ресейде заң үстемдігінің орнату мен азаматтар құқығын қорғау жолында еңбек етті»​ деп жазылған.

Мәлімдемесінде қор «1987 жылдан бері Ресейдің 33 университетінде интернет орталықтарын ашқанын, студенттер мен ғалымдарға түрлі көмек көрсеткенін, қазіргі заман өнері орталықтарын құрғанын» еске салады.

30 қараша күні Ресейдің бас прокуратурасы Джордж Сорос құрған Ресейдегі «Открытое общество»​ (Ашық қоғам) және «Содействие»​ (Жәрдем) қорларын «жағымсыз ұйым»​ деп таныған. Ресей прокуратурасының бұл шешімі «​Федерация Кеңесі, ішкі істер министрлігі, әділет министрлігі өтініші негізіндегі тексерістерден»​ кейін қабылданған.

«Жағымсыз ұйымдар» туралы заң Ресейде 2015 жылдың мамыр айында қабылданған. Ол бойынша, «Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне және конституциялық құрылымына қауіп төндіреді» деп танылған кез келген шетелдік немесе халықаралық ұйым жабылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG