Accessibility links

SOHR: Ресей Сирияда екінші базасын кеңейтіп жатыр


Латакиядағы әскери базадан ұшып шығып бара жатқан Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағы.
Латакиядағы әскери базадан ұшып шығып бара жатқан Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағы.

Ресей Сирияның шығысындағы Хомс провинциясында орналасқан Шайрат әскери базасын жойғыш ұшақтар орналасатындай етіп кеңейтіп жатыр деп хабарлайды Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы.

Сириядағы адам құқықтары жағдайына мониторинг жасайтын ұйым ресейліктер Хомстан оңтүстік-шығысқа қарай 40 километрде орналасқан базадағы ұшақ ұшып-қонатын жолдарды күшейтіп, жетілдіріп жатқанын айтады.

«Бұл Ресейдің базаны Сириядағы екінші әуе базасы ретінде пайдалану және Мәскеу «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы белсенді орталық аймақтарда әуе шабуылдарын күшейту ниеті барын білдіреді» дейді ұйым.

АҚШ билігі өкілдері Ресей Шайрат базасына әскери техникаларын әкеліп жатқаны және кейбір техникалары ендігі операцияға қатысып үлгергені туралы айтады.

Ресей Сирияда 30 қыркүйекте бастаған әуе операцияларын Латакия провинциясындағы үкіметтік Базел әл-Асад базасынан жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG