Accessibility links

Жазушы Алексиевичке Нобель сыйлығы тапсырылды


Светлана Алексиевич (сол жақта) Швеция королі Карл 16 Густавтың қолынан әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алып тұр. Стокгольм, 10 желтоқсан 2015 жыл.
Светлана Алексиевич (сол жақта) Швеция королі Карл 16 Густавтың қолынан әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алып тұр. Стокгольм, 10 желтоқсан 2015 жыл.

Швеция королі Карл 16 Густав бейсенбі күні Стокгольмде беларусь жазушысы Светлана Алексиевичке 2015 жылдың әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын тапсырды.

Өзіне Нобель сыйлығы берілгені туралы ақпарат жария болғаннан кейін жасаған алғашқы мәлімдемесінде Алексиевич Ресейдің Украина ісіне килігуін «басқыншылық» деп айыптаған. Азаттыққа сұхбатында 67 жастағы Алексиевич Нобель сыйлығы берілген соң өзіне аударылған көпшілік назарын «адамдардың санасында зорлық-зомбылықсыз төңкеріс жасауға» пайдаланғысы келетінін айтқан еді.

10 желтоқсанда Стокгольмде физика, химия және медицина салалары бойынша да Нобель сыйлықтары тапсырылды.

Оған дейін Ослода Тунистің «Ұлттық диалог квартетіне» бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын табыс етілген. Сыйлықты тапсыру рәсімі кезінде төрт топтың бірінің жетекшісі Хусин Аббас терроризммен күрес «ең жоғарғы басымдық» болғанын мәлімдеген еді.

Норвегиялық Нобель комитетінің төрағасы Сисилле Кулльман Фиве сыйлықты тапсыру салтанатында «Ислам мен демократия бір-бірімен үйлеспейді немесе исламшыл партиялар мен зайырлы партиялар қоғам игілігі үшін бірге жұмыс істей алмайды дейтіндер Туниске зер салсын» деп мәлімдеді.

2015 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы биыл қазан айында Тунистің «Ұлттық диалог квартетіне» сол елде 2011 жылы болған революциядан соң қоғамда «плюралистік демократияны құруға маңызды үлес қосқаны» үшін берілген. Тунистік арағайындар «квартеті» елде 2013 жылы белгілі оппозициялық саясаткер Мухаммед Брахми қастандықпен өлтірілген соң құрылған. Саясаткердің қазасы Тунистегі саяси қарама-қайшылықты ушықтырып жіберген еді.

XS
SM
MD
LG